00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық музейде «Бейбітшілік тағы» атты көрме ашылды

24.02.2023 | 14:51
Елорда ақпарат
49

Көрмедегі басты экспонаттар – мозамбиктік өнерпаз Гонсало Мабунданың «Тақ» және «Маска» атты ерекше мүсіні. Мемлекет қайраткері Дариға Назарбаеваның бастамасымен алынған бұл мүсіндер Ұлттық музейдің қорына сыйға табысталды.

Көрме Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналады. Осы тарихи оқиғаға экспозицияның жеке бөлімі арналған. Сонымен қатар экспозицияда бейбітшілікті, қоршаған орта мен туған жерге деген сүйіспеншілікті, тарихқа деген зор ықыласты насихаттайтын 25-тен астам қазақстандық суретшінің жұмысы қойылған. Олардың арасында А. Ғалымбаева, А. Аканаев, Ә. Сыдыханов, Ә. Хайдаров тағы басқа сынды қазақ өнерінің майталмандары бар.

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Дегдар» гуманитарлық қоры мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Экспонаттарды ҚР Ұлттық музейі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, «Дегдар» қоры, «Еуразиялық мәдени альянс» ҮЕҰ, «Құланшы» заманауи өнер орталығы, «Жаухар» сурет галереясы ұсынды. Көрме жетекшісі – өнертанушы Рамина Дембаева.

Барлық жаңалықтар