00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада есірткіге қатысты 151 қылмыстық іс қозғалған

24.02.2023 | 14:47
Елорда ақпарат
46

Қалада қазір «Есірткісіз болашақ» ұранын көтерген еріктілердің атсалысуымен нашақорлыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүріп жатыр. Алайда биыл есірткіге қатысты қылмыс былтырға қарағанда әжептәуір артып отыр. Полиция департаментінің мәліметінше, жалпы 151 қылмыстық іс қозғалды десек, оның 102-сі заңсыз есірткі сатумен айналысқан азаматтарға қатысты болған. Нәтижесінде 20 адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

«Елімізде есірткінің каннабис, опиоидт түрлерінің жетіспеушілігінен синтетикалық есірткіге сұраныс артқан. Бұл есірткі түрі Еуропа елдерінен, Қытайдан, Ресей федерациясыннан түрлі жолмен алып келінеді. Мәселен, шәйлар мен жәндіктерді улайтын заттардың қораптарын пайдаланып, елге кіргізеді. Сонымен қатар, наркодиллерлер бізге есірткіні жою үшін әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді ұсынды», - дейді қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.

Сондай-ақ мамандар жасөспірімдер мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы 140-тан астам профилактикалық іс-шара өткізген. Бұл акциялар жас ұрпақты құқық бұзушылықтан қорғап, саналы азамат етіп қалыптасыруға септігін тигізеді дейді полицейлер.

«Елімізде синтетикалық есірткі – өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында көп тараған. Жастар жиі қолданады. Ол әрине психологиялық, физикалық тұрғыда зор зиянын тигізеді. Біз оларды бұл қауіптен сақтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз», - дейді ерікті Жандос Ақтаев.

Барлық жаңалықтар