00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

02.05.2024 | 13:08
105
Есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс бірінші оқылымда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Elorda.info.

Заң жобасында есірткіні заңсыз өндіру есірткі қылмыстарының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соқтыруы мүмкін.

Түзетулерге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі заттарын өндіру үшін жауапкершілікті барынша күшейту жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатымен Парламент депутаттары бастамашылық етті.

Барлық жаңалықтар