00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Биыл 140 жаңа вагон жолаушыларға пайдалануға беріледі

20.05.2024 | 16:17
171
Биыл 140 жаңа вагон жолаушыларға пайдалануға беріледі
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында биыл 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Жоспарланған көлемнің 50 бірлігі жеткізілді, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

- Қызылорда – Семей;

- Павлодар – Алматы;

- Ақтөбе – Атырау;

- Алматы – Сарыағаш.

 Ал жыл соңына дейін келесі бағыттар бойынша вагондар жаңартылады:

- Павлодар – Түркістан;

- Қарағанды – Самара;

- Қарағанды – Омбы;

- Қостанай – Алматы.

Сондай-ақ, 20-ға жуық вагонның жылжымалы құрамындағы моторлы вагондардың келуі күтілуде. Олар келесі бағыттар бойынша бөлінеді:

- Ерейментау – Астана;

- Ерейментау – Көкшетау;

- Теміртау – Ағадыр.

Вагондар отандық өндірушіден алынған. Олар барлық заманауи талаптарға сай келеді. Ауаны баптау және бейнебақылау жүйесі, циркуляциялық ауаны залалсыздандыру құрылғылары, дәретханалар, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта қуаттауға арналған USB порттары және әр орынның жанында жеке жарықтандыру бар. Микротолқынды пештермен, тоңазытқыштармен, ауыз су диспенсерлерімен және қайнатқышпен жабдықталған, - делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.

Айта кетейік, штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купелер бар.

Барлық жаңалықтар