00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ертең Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

02.04.2024 | 18:14
Елорда ақпарат
94
депутаттар, Мәжіліс, заң
фото: gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жылу-энергетика және электр энергетикасы мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алу туралы» және сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша заң жобалары да бірінші оқылымға шығарылады.

Екі заң жобасы аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де тиісті өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулер мен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау жобасын жұмысқа алады.

Тікелей эфир 3 сәуір сағат 10:00-де parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Jolу телеарналарынан көрсетіледі.

Барлық жаңалықтар