00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл ең көп қолданылған құпиясөздер қандай

24.02.2023 | 20:28
Елорда ақпарат
55

Қазіргі таңда қандай да бір сайтқа тіркелерде қолданушыға парольдің қандай болуы керектігі жөнінде қосымша кеңестер беріледі. Алайда, мамандарды айтуынша, көп адам әлі күнге дейін өте жеңіл парольдерді қолданады.

Сонымен “пароль” сөзінің өзі (ағылшынша – password), “qwerty” және “123456” деген цифрлар комбинациясы танымал парольдер рейтингінде көш бастап тұр. Онымен қоса көпшілік жұрт пароль ретінде өздерінің есімін, сүйікті спорт командаларының, музыкалық топтардың атын, көлік маркаларын және сүйікті қаһармандарының атын қолданады.

Сонымен, ең жиі кездесетін парольдер мыналар:

  • 123456 — 103,1 млн адам;
  • 123456789 — 46 млн адам;
  • 12345 — 32,9 млн адам;
  • qwerty — 22,3 млн адам;
  • password — 20,9 млн адам;
  • 12345678 — 14,7 млн адам;
  • 111111 — 13,3 млн адам;
  • 123123 — 10,2 млн адам;
  • 1234567890 — 9,6 млн адам;
  • 1234567 — 9 млн адам.

Одан бөлек, «iloveyou», «dragon», «princess», «computer», «pokemon» сөздерін пароль ретінде көп адам қолданған.

Барлық жаңалықтар