00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Барымташылар 17 ірі қараны атып алып, етін елорда базарында сатқан

24.02.2023 | 18:26
Елорда ақпарат
40

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 16-да «Барымташы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Жедел әрекет етудің арнайы жасағы, сондай-ақ Атбасар аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкердің ірі қара малын ұрлаған үш күдіктіні қолға түсірді. Күдіктілер 29-42 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар, олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапқа тартылған.

«Жәбірленуші қазанның 25-де Атбасар ауданының ПБ кезекшілік бөліміне арызбен жүгінген. Ер адамның сөзінше, қазанның 22-де малшы оған малдың жоғалғанын айтқан. Жоғалған малын өз күшімен іздеген ол 17 бас ірі қараны далада сойып әкеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 8 миллион 500 мың теңгені құрады», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1 бабының 4-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Күдіктілер ТОЗ-8 маркалы ұсақ калибрлі винтовкамен 17 бас ірі қараны атып алған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы ұрылардың ұрлаған мал етін елорда базарларына тасымалдаған көлік анықталды», - деді ведомстводан.

Барлық жаңалықтар