00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28.06.2024 | 11:25
Олжас Сүлейменов
198
Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздердің жұмыстарыңыз – білімді, батылдықты, адалдықты және шындыққа ұмтылуды қажет ететін кәсіп. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында азаматтар қала, ел және әлем жаңалықтарынан хабардар болып отырады. Сіздердің айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіруге үлестеріңіз зор.

Сіздерге денсаулық, шабыт және сарқылмас қуат тілеймін! Әр күніңіз жаңа да қызықты тақырыптармен астасып, сөзіңіз әрдайым дәйекті де мәйекті болғай! Сүйікті ісіңізге табыс тілеймін! Мереке құтты болсын! – делінген құттықтауда.

Барлық жаңалықтар