00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елордада электросамокатпен жүруге тыйым салынады

28.06.2024 | 08:32
Олжас Сүлейменов
220
Елордада электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Фото: Elorda Aqparat

Астанада 1 шілдеден 5 шілдеге дейін электросамокатпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлады Elorda.info.

Whoosh қолданушылары электросамокатпен жүруге шектеу қойылғаны туралы хабарлама алған.

Тыйым 26 маусымнан бастап сол жағалауда, ал 1 шілдеден бастап қала бойынша енгізіледі.

Бұл тыйым елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты енгізіліп отыр.

5 шілдеден бастап самокатқа қайта мінуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.

Барлық жаңалықтар