00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты

Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты
фото: polisa.kz

Астанада 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер 30 тәулік арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады. Ұлттық Ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас толымды құрама командирі Аян Есжанов құттықтап, қызметтерінен бағыт-бағдар берді. Іс-шара барысында алыс-жақыннан келген қауымға болашақ сарбаздардың оқу пунткінде бір ай бойы үйренген дағдылары көрсетілді. Әскери элита қатарынан көрінетін құрмет қарауыл ротасының сарбаздары карабинмен дефиле көрсетсе, енді бірі қоян – қолтық ұрыстан үйренгендерін көпшілік қауымның назарына ұсынды. Ант қабылдау рәсімі дәл осылай өз жалғасын тапты.

Ант қабылдамас бұрын еліміздің алыс-жақын аймақтарынан жиналған жауынгерлер әуел баста арнайы оқу пунктінде жаттығады, әскери өмірге бейімделіп, іштегі тәртіппен танысады. Ол жерде болашақ ұландықтар мемлекеттік-құқықтық, саптық дайындық, жалпы әскери жарғы, күн тәртібін жаттап, білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар жауынгерлік қызметке түсу дағдыларын, ату дайындық тәсілдерін, әскери техникалар мен атыс қаруларын меңгереді.

Бүгінгі таңда 30 күндік дайындықтың нәтижесі ретінде жас сарбаздарымыздың ант қабылдау рәсімін көрдіңіздер. Бұл жауынгерлер Қазақстан Республикасының 22 аймағынан әскерге шақыртылған. Оқу пунктінде болашақ сарбаздарды әскери өмірдің қыр-сырын үйретеміз, алдағы уақытта қызметтеріне керегінің бәрін үйренеді. Әрбір сарбазбен жеке сұхбаттасамыз, тәртіпке, әскери өмірге дайындаймыз, – дейді  оқу пунткінің бастығының орынбасары Қазбек Мұратаев.

Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан облысы, СҚО, ШҚО-дан шақырылған 700-ге жуық жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді. Шара шымылдығы салтанатты  шеруімен жабылды. Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен қатарласа қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
 

Барлық жаңалықтар