00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Волейболдан БАҚ арасындағы чемпионат мәресіне жетті

17.04.2023 | 09:30
31

Астанада 2,5 айға созылған волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы чемпионат мәресіне жетті. Төртінші рет ұйымдастырылған біріншілікке еліміздің әртүрлі БАҚ редакцияларынан сегіз команда қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Маусым форматына сәйкес, командалар алдымен бір айналымдық жүйе бойынша чемпионат өткізіп, соның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңінің жұптарын анықтады. 

Осылайша финалға «Atameken busıness» пен «Қазмедиа орталығы» жетіп, қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген «атамекендіктер» BAQ lıga-ның екі дүркін чемпионы атанды. Екінші орын, сәйкесінше, «Қазмедиаға» бұйырса, қола жүлде үшін өткен кездесуде «7 арна» қызметкерлері 
«Хабардан» басым түсті.

Сондай-ақ, маусым қорытындысы бойынша, жекелей номинациялардың да иегерлері анықталды.

«Хабар» агенттігінің қызметкері Есенбол Иманғазы ерлер арасындағы үздік ойыншы атанса, «Qazcontent» сапындағы Әсел Әбілбекова қыздар арасында үздік танылды. Ал «Қазмедиа» орталығының бас директорының орынбасары Ринат Муксинов ардагерлер арасындағы үздік атанды. Бұдан бөлек, «7 арна» сапынан Арайлым Бахай ең үздік пас беруші, «Atameken busıness» сапынан Ермахан Қаракенов пен Әнуар Карбозов үздік шабуылдаушы және үздік тосқауыл қоюшы 
номинацияларын жеңіп алды. 

Биыл төртінші маусымға «7 арна», «Atameken business» телеарнасы, «Еуразия» бірінші арнасы, «QazContent» агенттігі, «Қазмедиа» орталығы, ««Aiqyn-Liter» газеттері, «Хабар» агенттігі және «Türkı tılmaş» журналистер құрамасы қатысты.

d085a958-28cd-4ccd-9329-bb38686058d9.jpg

Айта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнатып, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. 

Барлық жаңалықтар