00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Туризм саласы жаңа кадрлармен толықты

27.06.2024 | 21:47
Олжас Сүлейменов
241
Туризм саласы жаңа кадрлармен толықты
Фото: дереккөз

«Rixos President Astana» 5* қонақүйінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің «Туризм» кафедрасының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға университеттің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Rixos President Astana» 5* қонақүйі, «Арман Тур» ұлттық туроператорлық компаниясы, «Астананы дамыту орталығы» ЖШС, «ActiveTour» ЖШС өкілдері қатысты. Түлектердің өміріндегі осы маңызды сәттің қуанышын олармен бірге ата-аналары мен жақындары да бөлісті.

«Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Диплом табыстау рәсімінде сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Осында тұрғаным – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Оқуға түскен алғашқы күннен бастап бізді қолдап, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма ерекше алғысымды білдіремін. Әсіресе, бір жыл бойы біздің топқа жетекшілік еткен кафедра жетекшісі Ләйлә Маратқызына, кураторымыз Аруана Сағындыққа мың алғыс», - деді университет түлегі Мәдина Әжікенова.

2023-2024 оқу жылында Экономика факультетінің туризм кафедрасын 134 түлек бітірді, бұл 100 бакалавриат студентін, 24 магистрантты, 10 докторант және 8 e-MBA магистранттарын құрайды. Сонымен қатар, бакалавр дәрежесінің 64 білім алушысы университетті үздік аяқтап, «үздік диплом» иегері атанды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Туризм» кафедрасының түлектерін ерекше күнмен құттықтады.

«Туризм» кафедрасының меңгерушісі Ляйля Муталиева түлектерге табыс тілеп, оларды магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға шақырды.

Іс-шара барысында түлектерге ENU Endowment fund туралы толық ақпарат берілді.

Биыл ЕҰУ «Қонақжайлылық және бос уақытты басқару» пәні бойынша QS World University Rankings by Subject 2024 пәндік рейтингі бойынша әлемнің үздік 100 жоғары оқу орындарының қатарына үшінші рет кірді.

Өткен жылғы «QS Stars» рейтингінің нәтижелері бойынша Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының «Қонақжайлылық және бос уақытты басқару» пәні 5 жұлдызға ие болды. QS Stars – бұл университеттің 8 түрлі санаттағы индикаторлардың кең спектрі бойынша аудиті, оның қорытындысы бойынша ЖОО-ға жұлдыздар мен қорытынды баллдар беріледі. «QS Stars» жұлдыздары университеттің халықаралық деңгейде танылған сапа белгісі болып табылады.

Университет 2007 жылдан бастап туризм және қонақжайлылық мамандарын дайындайды. Осы жылдар ішінде 3 мыңнан астам маман даярланды. Бүгінде кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша түлектер дайындалуда.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап EMBA бойынша оқыту жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар