00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

ТЖД елордалықтарға ескерту жасады

30.11.2023 | 05:30
52
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада бүгін көктайғақ болады. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша елордада 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім етті.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар