00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Тұрғын үй қоры» жалға берілетін баспанаға құжат қабылдауды бастады

20.12.2023 | 04:45
33
Фото: дереккөзден

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ баспана кезегінде тұрған азаматтардан құжат қабылдауды бастады, деп хабарлады Elorda.info.

«Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына құжаттар 28 желтоқсанға дейін сағат 23:59-ға дейін қабылданады. 

Құжаттарды қабылдау көрсетілген кезеңде тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі. Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдардағы кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді, - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар