00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сығанақ көшесіндегі қозғалыс қараша айына дейін жабылады

21.08.2023 | 07:00
57

Астанада LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

21 369522628_317262377471374_4399709893037401145_n.jpg

Барлық жаңалықтар