00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Сарбаз сахнасы» фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

24.11.2023 | 14:00
44
Фото: дереккөз

Астанада Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі ұйымдастырған «Сарбаз сахнасы» шығармашылық ұжымдары бүкілармиялық фестивалінің Гран-при иегері мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Байқауға 60-тан астам өтінім түсіп, оның ішінен 45 нөмір іріктелді. Қатысушылардың шеберлігі жеке орындау, аспаптық, үрмелі және фольклорлық ансамбльдердің, жеке және топтық би нөмірлерінің, сондай-ақ фотосуреттер, картиналар, панельдер және халықтық қолөнер жұмыстары бойынша бағаланды.

«Сарбаз сахнасы» бүкілармиялық фестивалінің бас жүлдесін құрамында Мақсат Рахиев, Жанболат Шәріпов, Саяхат Тұрлыбеков, Бекболат Төкен («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы) бар «Алаш» квартеті жеңіп алды. Сыйлықты оларға Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев табыс етті.

Вокалдық орындауда кіші сержант Ерлан Әшімов (85395 әскери бөлімі) үздік деп танылды. Қарулы күштердің қызметкері Айсан Ғабидоллаев (63310 әскери бөлімі) екінші орынды иеленді, үшінші орын Қарулы күштердің қызметкері Ербол Қуанбектің (61993 әскери бөлімі) еншісінде.

«Аспаптық ансамбльдер» номинациясында «Жаңа ғасыр» фольклорлық ансамблі («Шығыс» ӨңҚ) жеңіске жетті. Екінші орын Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін орындаған саксофоншы қатардағы жауынгер Қуаныш Нәзіпбекке (75263 әскери бөлімі) бұйырды. Үшінші орын «Әке толғауы» әнімен өнер көрсеткен домбырашы, аға сержант Нұржан Махановқа (Құрлық әскерлерінің әскери институты) берілді.

10e3f4eb81cdff7aea10f9779416fba0_1280x720.jpg

Би өнерінде «Әскери арулар» тобы (61993 әскери бөлімі) ерекшеленді. Екінші орын «Аманат» бишілеріне (32355 әскери бөлімі) бұйырды. Ал үшінші орын «Асу» би тобына (03858 әскери бөлімі) берілді.

Қазылар алқасы атақты қолбасшылар Бауыржан Момышұлы мен Иван Панфиловтың портреттерін ұсынған ефрейтор Максим Свиридовтың (18404 әскери бөлімі) жұмысын үздік деп таныды. Екінші орында Қарулы күштердің қызметкері Айнұр Асқарқызы (32355 әскери бөлімі). Ол қазылар алқасын стильдендірілген ұлттық бас киімдермен және басқа да сәндік-қолданбалы қолөнер заттарымен таң қалдырды. Үшінші орын Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Әміре Телеуовке бұйырды. Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін әскери институтты басқарған генерал-майор Дулат Адырбековтің портретін майлы бояумен салған.

Қарулы күштердің қызметкері Айдана Сатыбаева (61993 әскери бөлімі) «Көрермен көзайымы» сыйлығына ие болды. Төлеген Мұхамеджановтың «Отаным» патриоттық әнін үздік орындағаны үшін Қарулы күштердің қызметкері Қанат Мәулен (Құрлық әскерлерінің әскери институты) марапатталды. Қазылар алқасы құрамында Қарулы күштердің қызметкерлері Ілияс Байбосынов, Мұса Сапаралиев, Айдос Бегім және Жазылбек Сырым (61993 әскери бөлімі) бар «Десант» квартетін авторлық ән орындаушылар жүлдесімен марапаттады. 

«Өрлеу» фольклорлық курсанттар ансамблінің (Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты) өнері көтермелеу жүлдесімен марапатталды. Қазылар алқасы, сондай-ақ 3-сыныпты сержант Азамат Амантұровты (91678 әскери бөлімі) үздік орындаушы деп таныды.

«Сарбаз сахнасы» бүкілармиялық фестивалі қазылар алқасының төрағасы полковник Данияр Құдайбергенов атап өткендей, қатысушылардың өнерін бағалау кезінде орындаушылық мәдениет, вокалдық және интонациялық дағдылар, музыкалық аспапты орындау техникасын меңгеру деңгейі және басқа да өлшемдер назарға алынды.

Іс-шара фестиваль жеңімпаздарының қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.

Барлық жаңалықтар