00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Сәния, Самира, Айсұлтан»: Елордада үшем дүниеге келді

04.04.2023 | 14:10
61
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Сәния, Самира және Айсұлтан  есімді үшем дүниеге келді. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов №3 Көпбейінді қалалық ауруханасына барып, көпбалалы ананы құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Басқарма басшысы Тимур Мұратов елордаға өткен жылы қоныс аударған көпбалалы ананы құттықтап, арнайы сыйлық табыстады. 

Бүгін осы перзентханада бірден үш қуаныш деп айтуға болады. Біз әрқашан медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Сізге және сіздің отбасыңызға мықты денсаулық тілеймін. Жұбайыңыз екеуіңіз балаларыңыздың қызығын көріп жүре беріңіздер,- деді Тимур Мұратов.

балалар.jpeg

Көпбалалы ана атанған Әсел Шонтаева отбасымен былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданынан елордаға көшіп келген. 27 наурызда дүниеге келген үшемдердің екеуі қыз және ұл.

Үйде үш балам бар. Үлкені 16 жаста. Үшемнің аттарын жұбайым мен атасы бірге қойды.  Қыздардың есімі Сәния мен Самира, ал ұлымыздың атын Айсұлтан деп қойдық. Енді менің 4 қызым және 2 ұлым бар,- дейді Әсел Шонтаева.

Елордада  жылына 33 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Ал жыл басынан бері 7 мың сәби дүние есігін ашқан. Қалада 3 перинаталды орталық бар. Басқарма басшысының айтуынша, биылдан бастап қала әкімшілігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп жаңа перинаталды орталық салу құрылысын жоспарлап отыр. 

2012 жылдары  бір жылда туу көрсеткіші 23мың болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 33 мыңға дейін жетіп отыр. Бұл халық өсімі артып келетінін білдіреді. Қалада ана мен баланың денсаулығын қорғауға арналған қажетті нысандарды салу қажет. Кадр мәселесі де бар. Бала болғандықтан түрлі  медицина мамандарын қажет етеді. Бұл тұрғыда әкімдік өз тарапынан грант бөліп, қазір 300-ге жуық студент білім алып жатыр. Олар алдағы уақытта осы орталықтарда жұмыс істейтін болады,- деді Тимур Мұратов.

№3 көпсалалы қалалық аурухананың директоры Жұлдыз Данбаева жыл сайын мекемеде 8 мыңнан астам босанған әйел медициналық көмек алады.

мама спикер.jpeg

Былтыр ана өлімі болған жоқ, нәресте өлімі ең төмен деңгейде болды. Бұл жақсы көрсеткіш. Пациенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсарту маңызды. Біздің ауруханада жыл сайын 8 мыңнан астам босанған әйел медициналық көмек алады. Тәулігіне 15-25 сәби дүниеге келеді, - деді Жұлдыз Данбаева.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Барлық жаңалықтар