00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Рәміздер – намысымыз бен мақтанышымыз

30.05.2023 | 13:30
61
Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda.info

Тіліміз – тірлігіміздің айғағы болса, рәміздеріміз - елдігіміздің айшықты белгісі. Биыл Мемлекеттік рәміздерімізге 31 жыл толды. Тарихи күнге орай Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тіл және рәміз» іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info

ел.jpg

Көк байрағымыз тік шаншылған салтанатты жиын жүректі атқақтататын әнұранмен басталды. Сәулетші, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Барыс» орденінің иегері  Жандарбек Мәлібекұлы көп қошаметімен төрге озды. 

ел1.jpg

Әлемдегі ең мағыналы символ деп танылған елтаңбаның авторына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Әли Амантайұлы Алғыс хат табыстады. 

ел2.jpg

Мен 30 жылдан бері герб жасап келемін. Соның ішіндегі шоқжұлдызы – ҚР Мемлекеттік елтаңбасы, - деп сөз бастады Жандарбек Мәлібекұлы, - өйткені елтаңбамыз 194 мемлекеттің ішінде ойып тұрып 9-орынды алды. Мұнымен біз мақтанамыз, еліміз мақтанады. Десе де елтаңбамыз бекітілгенше талай «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткердік. Оюды, пырақты, киізүйдің нышандарын Парламенттегілер қабылдамады. «Оның не қажеті бар?» деп. Бірақ сол кезде комиссияның төрағасы болған Салық Зимановтың: «Біздің елтаңбада саясат жоқ, экономика жоқ, мұнда тек қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық нышаны ғана бар», - деген уәжіне көпшілік тоқтап, бүгінгі елтаңбамыз қабылданды. 

ел3.jpg

Мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау мақсатында, осылайша, тарихқа шолу жасаған ол арнайы зауыттан құйылған елтаңба бейнесіндегі төсбелгіні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Әли Амантайұлының өңіріне тақты. 

ел5.jpg

Бұдан соң мемлекеттік қызметке қадам басқан бірқатар жас маман ант қабылдап, тарихи тұлғаның өз қолынан ескерткіш төсбелгісін кеуделеріне қадады. 

ел4.jpg

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиада жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне жалғасты. 

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар