00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

05.05.2023 | 08:30
44
фото: gov.kz

7-8 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы.


Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ге жуық мерген бақ сынайды деп күтілуде. Жалпы 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас аралығындағы қыздар және ұлдар қатысатын болады.
Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік), Орта Азия нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 3 мүмкіндік). Жас ерекшіліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтары әртүрлі. Атап айтсақ,
7-9 жас – 10 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
10-12 жас – 15 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
13-15 жас – 20 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
16-18 жас – 25 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)

Жеңімпаздар медельдармен, дипломдармен марапатталады.
Іс-шара «KazTuran Sport» кешенінде ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар