00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық ұлан «Қазбат» жауынгерлерін еске алды

07.04.2023 | 17:35
39
Фото: дереккөз

1995 жылы тәжік-ауған шекарасында интернационалды міндет арқалап, шекара күзетінде тұрған Ішкі әскердің 17 жауынгері жаумен айқаста мерт болды. Аталған жауынгерлерді еске алу мақсатында жыл сайын 7 сәуір күні Ерлік күні атап өтіледі. Биыл да «Қазбат» жауынгерлерінің құрметіне ашылған Ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан қолбасшылығы, жергілікті атқарушы билік органдарының, қоғам өкілдері, әскер және локальды қақтығыстардың ардагерлері қатысты.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов ерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоғын қойды. 

Жиын ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы ержүрек ұландар жайлы сөз сөйледі.

Біз бүгін 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы шайқаста ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланның жауынгерлерінің рухына тағзым етудеміз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993-99 жылдары Ішкі әскердің екі мыңнан астам жауынгері «Қазбат» құрамында Тәжікстанда бітімгершілік миссиясын атқарды. Осыдан 28 жыл бұрын, 7 сәуір күні жауынгерлік тапсырма атқару кезінде қайғылы оқиға орын алды. Тәжікстанның Пшихавр тау шатқалында төрт сағаттан астам қанды ұрыста Ішкі әскердің 17 сарбазы қаза тапты, 33 жауынгер жараланды, - деді генерал-майор Еркін Ботақанов.

 

Сондай-ақ іс-шара барысында Ұлттық ұлан мен Шекара қызметі астаналық гарнизондарының жеке құрамы салтанатты маршпен жүріп өтті.

Қайсар ұлдарымыз содырларға қарсы төтеп беріп, жауынгерлік борыштарын ерлікпен  орындады. Абыройды таптатпай, әскери антқа адалдықтарын танытты. Мемлекет басшысының Жарлығымен ерлік танытқаны үшін қаза болған 5 адам ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, 12 адам «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Қазақстан халқы өзінің ержүрек ұлдарын ешқашан ұмытпайды. Олардың есімі еліміздің қалаларында көшелер мен мектептерге берілді. Әскери бөлімдер мен елді мекендер де ескерткіш тақталар орнатылды, деді Е.Ботақанов.

Бүгінде Ерлік аллеясы мен «Ер есімі – ел есінде» ескерткіші халықтың ержүрек ұлдарға деген мәңгілік тағзымындай болып тұр. Жыл сайын бұл жерде Ұлттық ұланның елордалық жас сарбаздары өз халқына адал болуға серт беріп, әскери ант қабылдайды. 

Барлық жаңалықтар