00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астананың тұрғын алаптарында мерекелік шаралар өтті

01.01.2024 | 05:00
35
фото: www.gov.kz

Қала тұрғындарына шығармашылық ұжымдар мен қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұсынылды.

Мерекелік шараларды Астана қаласының мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеме мен аудан әкімдіктері ұйымдастырды.

75.jpeg

Мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін келесі орындарда өтті:

Есіл ауданында – «Пригородный» ТА;

Сарыарқа – Көктал саябағы;

Байқоңыр – «Өндіріс» ТА;

78.jpeg

Тұрғындарға Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Наз» мемлекеттік би театры, елордалық цирк және басқа да ұжымдар жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Концертке келген тұрғындар да өз әсерлерімен бөлісті.

«Мен «Наз» би театрының тамаша әртістеріне керемет концерт үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Біз бүкіл отбасымен келдік және өте риза болдық. Үлкендер мен балаларға күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет», – дейді Көктал тұрғын алабының тұрғыны Дәурен Қабдрахманов.

79.jpeg

Шараға барлығы тұрын алаптардан 500-ге жуық тұрғындар қатысты.

Барлық жаңалықтар