00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Наурыз мейрамына орай арнайы пойыздар жолға шықты

19.03.2024 | 04:21
41
Фото: дереккөз

Іс-шара барысында жолаушылар мен шығарып салушылар үшін қазақ халқының мәдениетінің басты символы – домбырада музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары наурызкөже мен бауырсақ ұсынылды.

WhatsApp Image 2024-03-19 at 08.37.16.jpeg

Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған, - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Этникалық стильдегі пойыздар наурыз айының соңына дейін жүреді.

WhatsApp Image 2024-03-19 at 08.37.07.jpeg

Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Компанияның жолсеріктері мен қызметкерлері пойыздардың ішінде және перрондарда барлық жолаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтайды.

Барлық жаңалықтар