00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін телеграм арнасы қосылды

22.11.2023 | 13:03
41
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтерді алуды жеңілдететін «ONAY_QYZMET_ASTANA» Telegram арнасын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер әлеуметтік теңсіздіктерді азайту және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беру маңызды рөл атқарады. Мемлекет бұл қызметтерді халықтың әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде ұсынуға тырысады.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар қабылдау – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі.

Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментіне елорда тұрғыны мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудан бірнеше рет бас тартуға қатысты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының іс-әрекетіне жүгінді.

Шағымды қарау қорытындысы бойынша департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталып, көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелер мен проблемаларды, сондай-ақ оларды жедел шешуді хабарлау мүмкіндігі үшін QR коды бар «ONAY_QYZMET_ASTANA» Telegram арнасы құрылғанын атап өту қажет.

Барлық жаңалықтар