00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мәңгілік ел–Сарайшық қиылысы уақытша жабылады

16.08.2023 | 11:30
43
фото: inbusiness.kz

Елордада Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол айырығынан М1 көпіріне түсетін жолдың оң жақ бөлігіне жөндеу басталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол төсеміне орта жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген аумақта көлік құралдары үшін қозғалысқа толығымен тыйым салынады.

Осыған орай елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар