00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық музейде зергерлік бұйымдарға арналған көрме ашылды

07.03.2024 | 05:22
70
Фото: дереккөз

Ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатын қазақ қолөнерінің бір түрі – зергерлік өнер. Бұл көрменің мақсаты – зергерлік өнерді насихаттау, Музейге келушілерді жеке коллекциядағы зергерлік өнердің үздік туындыларымен таныстыру. 

D4S_0081.JPG

Мәдениет және ақпарат министрлігі Музей қызметі және материалдық емес мәдени мұра басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова: 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың 10 күндігі осындай керемет көрменің ашылуымен басталып отыр. Мұндай көрмелер арқылы қазақтың болмысын танытатын көнекөз туындылардан өрісіміз кеңейіп, танымымыз толыға түсері анық. Көрменің басты ерекшелігі – коллекцияда қазақтың зергерлік әшекейлерімен бірге Орталық Азия мен Кавказ елдерінде табылған бұйымдар жинақталған. Бұйымдардан көршілес халықтардың бір-біріне ұқсастықтарын көруге болады. 

D4S_9811.JPG

Суретші, этнограф Қалиолла Ахметжан көрменің маңыздылығына тоқталып, зергерлік бұйымдардың көркемөнер үлгісі ғана емес, халқымыздың дүниетанымы, наным-сенімі, әдет-ғұрпы мен тарихы көрініс тапқан құндылығы жоғары мұра екенін атап өтті. Сонымен қатар Қалиолла Саматұлы Ұлттық музейдің қолөнердің үздік үлгілерін халық арасында насихаттау мен оларды ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын Ұлттық музей ұжымына алғыс айтты.

Көрменің кураторы, ҚР Ұлттық музейі Қорды есепке алу бөлімінің жетекшісі Тоғжан Әділбекова халқымыздың бай мәдени мұрасын мақтан ететінін айтып, әртүрлі жастағы әйел затына арналған зергерлік бұйымдарға тоқталып өтті. Көрме бастамашысы іс-шараның жұмысына атсалысқан барлық музей қызметкерлеріне алғысын білдірді.  

Көрмені тамашалауға келген көрермен назарына қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымдарынан дефиле ұсынылды. Дефиле барысында мойын-самай әшекейлері, сырғалар, білезіктер, жүзіктер, бұрым әшекейлері сияқты бұйымдар көрсетілді.

D4S_9888.JPG

«Зергерлік өнер» атты салыстырмалы көрменің ашылу салтанаты көктемнің жылы лебізімен келіп жеткен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Аталмыш көрме әсемдікке жаралған жандар үшін тамаша мерекелік сый болды.

Барлық жаңалықтар