00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмыстары басталды

04.08.2023 | 05:00
40

Астанада әл-Фараби даңғылының Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тасжолына дейінгі бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 4 және 7 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін көрсетілген бөлікте қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Барлық жаңалықтар