00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Jastar Jalyny-2023»: Елордада фестивальге 2 мыңнан астам студент қатысып жатыр

06.12.2023 | 13:00
72
фото: gov.kz

Елордадағы 15 ЖОО-ның студенттері Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Jastar Jalyny-2023» жастар фестиваліне қатысады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль дарынды жастарды анықтауға көмектеседі. Сол сияқты дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына ықпал етеді. Студент жастардың мәдени әлеуеті шексіз. Жастар шығармашылық фестивальге қатысу арқылы қазіргі жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімдерін, адамгершілік құндылықтары мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыра түседі деп сенемін, - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бағдат Атымтай.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Астананың 15 университеті қатысады.
Олар мына номинациялар бойынша үздіктерді анықтайды: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, шахмат, поэзия, медиа, театр, сурет, Qazaq Quiz.

«Jastar Jalyny-2023» фестивалінің қазылар алқасының құрамы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан құралды. Номинациялар бойынша өнер және мәдениет қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалайды.

Конкурс жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталады. Сыйақы қоры: 1 орын – 100 мың теңге (10 дана); 2 орын – 70 мың теңге (10 дана); 3 орын – 50 мың теңге (10 дана); Гран-при – 500 мың теңге.

«Jastar jalyny-2023» байқауы жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.

«Jastar Jalyny-2023» жастар шығармашылық фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі 13 желтоқсан күні «Астана» концерт залында өтеді.

Барлық жаңалықтар