00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Италиялық пианист Astana Opera солистеріне шеберлік сабақ өтеді

23.02.2024 | 07:19
48
Фото: дереккөз

Қойылым сәуір айының соңында сахналанады. 

Солистермен алғаш рет белгілі опера педагогі, пианист, дирижер Алессандро Бениньи жұмыс істейтін болады. Шеберлік сабағын өткізу үшін коуч-пианист Италиядан арнайы шақыртылған.

Оқу барысында Бениньи екпін қойып, солистермен «бельканто» стилистикасы мен фразировкасын пысықтайтын болады.

Алессандро Бениньи 20 жылдан астам уақыт Озимодағы (Италия) Лирикалық өнер академиясында сабақ берді және әлемдік опера орындаушыларымен жұмыс істеген. Пианист және музыкалық жетекші ретінде ол Еуропаның, Жапонияның және басқа да елдердің танымал театр, фестивальдерімен ынтымақтастықта қызмет етті.

Енді маэстро өзінің тәжірибесі мен білімін қазақстандық солистермен бөліседі.

Барлық жаңалықтар