00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Газ саласының ардагерлері марапатталды

14.07.2023 | 17:42
36
фото: Василий Крась

Елордалық «Республикалық газ саласы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен газ саласы ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының ғимаратында өткен жиынға сала ардагерлері мен мамандары жиналды. Қоғамдық бірлестіктің Астанадағы филиалының төрағасы Болат Қабашовтың айтуынша,   бүгінде қала бойынша 100-ден астам газ саласының ардагері бар. 

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.59 (1).jpeg

Еліміз бойынша газ саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан 3 мыңға жуық ардагер бар. Соңғы жылдары ардагерлер мен жастар арасында кездесулер аз болды. Бүгін тәжірибелі мамандардың басын қосып, еркін форматта кездесу ұйымдастырып отырмыз. Осы сәтті пайдаланып бір топ ардагерлерге төсбелгі табыстамақпыз,- деді Болат Қабашов.

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.58 (3).jpeg

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.58 (4).jpeg

Әріқарай  бірлестік төрағасы  ардагер Құрмаш Әбушахмановқа, Ғалым Айдосовқа, Танбай Наушиевке, Талғат Калиевке, Шевкат Саитовқа, Серікбай Басығараевке «QazaqGaz құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады. «QazaqGaz еңбегі сіңген ардагер» атты марапатқа Надежда Попова мен Адайбек Қожамбетов ие болды. 

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.58 (2).jpeg

Газ өнеркәсібіне 17 жасында келген ардагер Серікбай Басығараев өз сөзінде, қазіргі технологиялық өзгерістер осы салада қызмет етіп жатқан жастарға көп мүмкіндік беретінін айтып өтті. 

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.58 (1).jpeg

Бүгінде зейнетке шықсақ та, ардагерлер кеңесі әрқашан хәл-жағдаймызды біліп, жиындарға шақырып отырады. Мен бұл өнеркәсіпке 17 жасымда келгем, 2019 жылы зейнетке шықтым. Газ өнеркәсібінде  жұмыстың басым көпшілігін қолмен жасайтынбыз. Қазір бұл саладағы технологиялық мүмкіндіктер жастардың жұмысын сәл жеңілдетті деп айтуға болады. Дегенмен бұл сала мамандарына әлі де кәсіби шыңдалу керек деп айтқым келеді. Бүгін марапат алған барлық ардагерлерді құттықтаймын,- деді Серікбай Басығараев.

WhatsApp Image 2023-07-14 at 16.29.58.jpeg

Барлық жаңалықтар