00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Еуразия ұлттық университетінде ашық аспан астында ауқымды іс-шара өтті (ФОТО)

20.05.2023 | 19:40
40
Фото: ЕҰУ баспасөз қызметінен

Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет ЖОО-ның 27 жылдығына арналған Open air форматында «ENU Family Day» ауқымды іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

Оған университеттің әр жылдардағы түлектері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, оқытушылар мен студенттер қатысты. Олардың қатарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, белгілі қазақстандық шахматшы Дәрмен Сәдуақасов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Гиннес кітабының белгілі қазақстандық рекордшысы Сергей Цирюльников және басқалар бар.

AX8I5098.jpg

Ауқымды бағдарлама түлектердің форумы, «ENU Research» - PechaKucha форматындағы танымал ғалымдардың өнер көрсетуі, «Ұстаз» коворкинг-орталығының ашылуы, ұлттық қолөнер және кітаптар көрме-жәрмеңкесі, қазақша күрестен «ENU барысы» турнирі, Оpen air «ENU Family Day» концерті және тағы басқа университет аумағында бірқатар білім беру, ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларды қамтыды. Оған екі мыңға жуық адам қатысты.

AX8I6102.jpg

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзі түлеп ұшқан университетін құттықтады:

Өткен жылы ЕҰУ-ға Үкімет қаулысымен зерттеу университеті мәртебесі берілді. Қазір университеттің арнайы 5 жылдық зерттеу жоспары, жаңа зертханалар, жас ғалымдарға арналған үлкен ресурс пысықталуда. Жақын арада ол Үкіметтің қарауына шығарылады.

ЖОО-ның жас ғалымдары «Болашақ» бағдарламасына белсенді қатысады. ЕҰУ ғалымдарының ғылыми мақалалары Q1, Q2 квартилінің халықаралық басылымдарында жарияланады. Жақын арада біз Еуразия ұлттық университетінің ғылыми зерттеу әлеуетін бірлесіп арттыратын боламыз, - деп атап өтті министр. 

Іс-шараның ғылыми бөлімі «PechaKucha» «ENU RESEARCH: from idea to action» форматында өтті. Форумды ашқан Басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Жанна Құрманғалиева бүгін өткізіліп жатқан іс-шара қазіргі заманғы «PechaKucha» («Печа Куча») форматында өтіп жатқанын, оның барысында ЕҰУ ғалымдары өздерінің ғылыми жобаларын 200 секунд ішінде қысқаша және нақты таныстыра алатынын атап өтті.

AX8I5858.jpg

Іс-шара ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысу, жобаларды коммерцияландыру және өндіріске енгізу үшін бизнес-серіктестерді іздеу, сондай-ақ университет ғылымының беделін арттыру мақсатында өткізілді.

Салтанатты шара барысында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «ENU Family Day» ауқымды іс-шарасы алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінің 27-ші туған күні қарсаңында түлектердің рекордтық саны жиналды, бұған біз өте қуаныштымыз.

Бұл барлық жетістіктер оқытушылардың, қызметкерлердің және түлектердің студенттерге және елдің болашағына арналған күштерінің арқасында жүзеге асырылады. Біздің университетте өркендеп келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының ажырамас байланысы әрдайым сақталуын тілеймін. Бұл әлеуметтік, моральдық әл-ауқаттың негізгі қозғалтқыштарының бірі, - деді ғалым.

«PechaKucha» «ENU RESEARCH: from idea to action» форумында ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі Кенжебатыр Бекмырза, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ғайни Сейтенова, аға оқытушы, ЕҰУ PhD докторы Абдулла Омаров, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Қасымжанов, ЕҰУ Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаева, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сембаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-зерттеушілері Жақсылық Сәбитов, Дмитрий Шлимас, Гүлнар Сүгірбекова, ЕҰУ аға оқытушысы Нұрзада Амангелді өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. 

AX8I6294.jpg

AX8I6427.jpg

Ғылым мен бизнестің диалог алаңы барысында спикерлер озық ғылыми идеялармен бөлісіп, сутегі отын элементтері, электр энергиясын өндірудің бюджеттік тәсілдері және тағы басқалар туралы тақырыптарды талқылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, түлек Ғалым Шойкин өз алғысын білдірді:

Мен осы университетте саясаттанушы мамандығын осыдан 23 жыл бұрын алдым. Бір жыл саясаттану кафедрасында сабақ беріп, жұмыс істедім. Сондықтан бұл университет мен үшін ыстық және орны бөлек. 27 жыл ішінде ЕҰУ елдің дамуына үлес қосатын 80 мыңнан астам түлек шығарды. Біздің университет жасасын, түлектеріміз үлкен жетістіктерге жете берсін!.

ЕҰУ түлегі, Гиннес кітабының белгілі қазақстандық рекордшысы Сергей Цирюльников: «Еуразия ұлттық университеті көрнекті адамдар тобын шығарды және мен осында оқығанымды мақтан тұтамын», - деді.

Айта кету керек, өткен жылы университетте студенттерге арналған 4 коворкинг алаңы ашылды.

Қатысушылар мен көрермендердің көпшілігі «ENU барысы» университеттік турнирін тамашалауға жиналды. Жарыс екі салмақ дәрежесінде: 80 келіге дейін және одан жоғары салмақ бойынша өтті. Нәтижесінде жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

AX8I6414.jpg

Palau Fest шарасына келген әр адам тегін палаудан дәм татты және онда бір тоннаға жуық тамақ дайындалды.

Jastar Awards салтанаты аясында ЖОО жастар саясаты орталығының өкілдерін бірнеше номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, студенттер аллеясында ересектер мен балаларға арналған бірегей шығармашылық аймақ: шеберханалар, эко-арт терапия, ұлттық ойындар, кітап көрмелері, халық өнері жәрмеңкелері орналасып, спорттық жарыстар, театр қойылымдары, ұтыс лотереялары және т.б. ұйымдастырылды.

Еуразия ұлттық университеті құрылған күннен бастап 80 000-нан астам маман шығарғанын атап өткен жөн.

Барлық жаңалықтар