00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Есіл және Нұра аудандарының тұрғындары Бірлік күнін «Бәйтерек» маңында атап өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

01.05.2023 | 16:19
37
Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda.info

Түскі сағат 12.00 болмай елордалықтар мен қала қонақтары «Бәйтерек» монументінің алдына жинала бастады. Көпшілігі әдемі киімдерін киіп, отбасымен түгел серуендеуге келген секілді, деп жазады Elorda.info.

есил1.jpg

Есіл және Нұра аудандарының әкімдіктері бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. «Бәйтерек» монументінің сахнасында эстрада жұлдыздары әнді әуелетіп, күйді күмбірлетіп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. 

есил2.jpg

Қайрат Баекенов, Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Жігер Ауыпбаев және басқа да өнерпаздар мен айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай өнер көрсетіп жатыр.

есил3.jpg

Қала тұрғындары Астана аспанында қалықтаған әндерге қосылып, бірге шырқауда. Әжелер мен апалар жәрмеңкені аралап жүр. Ал балалар жағы спорттық іс-шараларды тамашалап, мәз-мейрам. 

есил4.jpg

Осы орайда біз концерт тамашалап жүрген, өзін кәріс ұлтының өкілімін деп таныстырған Алексей Нимді сөзге тарттық. 

есил5.jpg

1-2 күн бұрын Алматыдан елордаға іс-сапармен келдім. Тұрақтаған үйім осы сол жағалауда болған соң, музыка дыбысын естіп, осында жаяу келдім. Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын! Небір тамаша әндерді тыңдап және түрлі билерді тамашалап, көңілім бір серпіліп қалды. Бұл мереке, меніңше, Қазақстанда тұратын барша халықты біріктіретін күн деп есептеймін. Барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін, - деді ол. 

есил6.jpg

есил7.jpg

есил8.jpg

есил9.jpg

есил10.jpg

Барлық жаңалықтар