00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еріктілер көпірді мағынасыз «шығармалардан» тазартты

26.07.2023 | 06:32
47
Фото: Сұлтан Сейітов

Елордадағы Атырау көпірінде «Астана жастары»  волонтерлері қаланың көрікті жерінің көрінісін бұзатын граффитиді тазалау үшін жиналды, деп хабарлайды Elorda.info.

вандал 1.jpg

Іс-шара елордалық «Нұра» ауданы әкімдігінің бастамасымен өтті.

-Осы акцияға қатысқандардың барлығына көп рахмет. Атырау көпірінің пайдалануға берілгеніне бес жыл болды, бұл -  елорданың ғана емес, бүкіл елдің көрікті жері. Мұны бағаламайтындар құрылымның көрінісін әртүрлі жазулармен, суреттермен шимайлап тастаған. Олар мұнысымен өздері жайлы  «естелік»   қалдырдық деп санайтын шығар, бірақ, шын мәнінде, кейінгіге ізін қалдырушылар - өз қаласына қамқорлық жасайтын, оның бет-бейнесіне бей - жай қарамайтын жастар, - деді «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

вандал 2.jpg

Ол вандалдардың жазулары қалалық ортаның сұлулығын бұзып қана қоймайтынын, онда есірткі сататын сайттардың мекен-жайлары да жазылғанын атап өтті.

Бұл - есірткі таратудың танымал түрлерінің бірі. Мұнда есірткі заттарын сақтайтын сайттар мен орындар көрсетіледі. Сонымен қатар, осындай жарнаманың көмегімен жастар заңсыз табыс табуға тартылады, - деді спикер.

вандал 3.jpg

Оның айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтерінің күш-жігері мәселені шешу үшін жеткіліксіз. Ол үшін қала тұрғындары да осындай жазулардың пайда болуының алдын алып, мүмкіндігінше оларды өшіру арқылы өз қалаларының көркеюіне үлес қоса алады.

Барлық жаңалықтар