00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елорданың тұрғын алаптарында жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады

26.12.2023 | 15:30
46
фото: www.gov.kz

Елорданың тұрғын алаптарында 30-31 желтоқсан күндері барлық жастағы көрермендер үшін жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама Астана қаласы Мәдениет басқармасының және аудан әкімдіктерінің 12 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен өтеді.

Елордалық саябақта 30 желтоқсан күні сағат 18: 00-19:00-де концерт өтеді.

31 желтоқсанда сағат 12:00-13:00-де мерекелік бағдарлама төмендегі тұрғын алаптарда ұйымдастырылады:

Есіл ауданы – «Пригородный» ТА;

Алматы ауданы– ЖМ «Интернациональный» ТА;

Сарыарқа ауданы – «Көктал» саябағы;

Байқоңыр – ЖМ «Өндіріс» ТА.

Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументінің жанында, ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Жаңа жыл түні» мерекелік концерттері өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, «Килиманджаро» тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады.

Барлық жаңалықтар