00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елордалық оқушылар арасында балалар лагеріне жолдамалар ойнатылады

Елордалық оқушылар арасында балалар лагеріне жолдамалар ойнатылады
фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуда, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын бастайды. Байқаудың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады. 10 шілдеде байқау қорытындысы шығады. Үш жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі.

Байқауға қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен белгілеуі қажет (жарияланым болуы керек, stories жарамайды).8817:23

Барлық жаңалықтар