00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық университетте Президенттің сұхбаты талқыланды

22.01.2024 | 07:15
54
фото: Василий Крась

Астана халықаралық университетінде Нұра ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген көлемді сұхбаты талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Онда сұхбатта айтылған идеяларды халық арасында ілгерілету мәселелері айтылды. Аға буын өкілдері атом электр станциясының құрылысы, Қазақстандағы гендерлік теңдік, азаматтардың әлеуметтік мәселелері, ұлттық тарихты зерттеу және дамыту сияқты мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.  

WhatsApp Image 2024-01-22 at 12.27.39 (1).jpeg

Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеңіс Бөдешев Президент сұхбаты өткен жылдың дәстүрлі қорытындысы деп санайтындығын айтты.

Бүгінгі кездесудің маңыздылығы өте жоғары деп ойлаймын. Өйткені Президенттің сұхбат барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайына тоқталып өтті. Сұхбатта өткен 2023 жылды қорытындылап, алдағы уақытта іске асырылатын басым бағыттар мен саяси өзгерістер туралы жан-жақты айтты. Міне, сондықтан бұл кездесудің жастарға маңызы зор деп есептеймін.  Иә, қазір жастар газет оқымайтыны белгілі. Сондықтан да осындай маңызды әрі салмақты сұхбаттарды  аға буын өкілдері жастармен бірлесіп талқылау қажет.  Сонымен қатар Президент Қаңтар оқиғасын тудырған себептерді, олардың кейбір салдарын атап көрсетті. Шын мәнінде, Президент біздің елімізде демократияландыру процесі жоғары екенін және ол дамып келе жатқанын атап өтті,- дейді Жеңіс Бөдешев.

WhatsApp Image 2024-01-22 at 12.27.39 (2).jpeg

Профессор Серік Джалмаканов өз сөзінде, Президент Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында осы күнге дейінгі халықты толғандырып отырған қоғамдық меселелерге ашық жауап бергенін атап өтті. 

Президенттің Egemen Qazaqstan газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатын оқып, біраз керекті дүниелерді түртіп-түртіп алдым. Ең әуелі, бұл интервьюдің басты ерекшелігі – Президент осы күнге дейінгі саяси оқиғаларға, халықты толғандырып отырған қоғамдық меселелерге ашық жауап беріпті. Дәл қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан - Атом станциясы мәселесіне деп жауап берді. Мұны енді халық шешетін болды. Сонымен қатар еліміз биыл бірнеше беделді халықаралық ұйымға төрағалық етеді. Атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымдары. Жалпы бұл сұхбаттың үлкенге де мына отырған астарға да берері мол. Сонықтан да студенттерді бұл сұхбатты толық оқуға шақырамын,- деді профессор. 

WhatsApp Image 2024-01-22 at 12.27.40.jpeg

Жиын барасында Нұра ауданының Ардагерлер кеңесінің өзге мүшелері де өз пікір білдіріп, жастармен бірге сқхбатта айтылған ойларды талқылады. 

Барлық жаңалықтар