00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалықтар 5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды

30.05.2023 | 20:29
31
фото: egemen.kz

Астана қаласында 127 791 пациент 319 007 тегін рецепт бойынша 4 млрд. 950 млн. теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлады Elorda.info «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалына сілтеме жасап.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

2023 жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша Астана қаласында 127 791 пациент 319 007 тегін рецепт бойынша 4 млрд. 950 млн. теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде: тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) 4,5 млрд. теңге сомасына 290 488 тегін рецепт бойынша 115 973 пациент, МӘМС есебінен 319,1 млн.теңге сомасына 20 531 тегін рецепт бойынша 13 288 ересек пациенттер мен 129,3 млн. теңгеге  5397 бала 7988 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек  алды. 

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 738 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1834 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 270 бала; Рахит ауруымен 68 бала; Пневмониямен 322 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 108 бала, т.б.тБіздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалы директорының орынбасары С.Болысбекова.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар. 

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.

Естеріңізге саламыз, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1406 нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылған медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ұсынады. Медициналық қызмет тұтынушылар күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек ала алады, сондай-ақ өтініш бере алады немесе медициналық көмектің сапасына шағым қалдыра алады. Бұл шара Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. 

Барлық жаңалықтар