00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық құтқарушылар алғыс хаттармен марапатталды

29.08.2023 | 03:30
38
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара барысында ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев ардагерлер мен әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. 

Сіздерді еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Конституция күнін мерекелеу – жылдың басты қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі. Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, дамып, нығая берсін, - деп атап өтті Қ.Базарбаев.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Абсеметова құтқарушыларды құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Нұра ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар табыстады.

42744105-07e3-46df-944b-bfca42daf4f7.jpg

Конституция күнін мерекелеу барысында департамент бастығы ведомстволық наградалармен ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен ӨСКҚ жедел кезекшісінің көмекшісі Арман Серғазин, ТЖМ Алғыс хатымен Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Саян Тоқымбаев марапатталды.

Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарының құрметті ардагері Жұмабай Ескендіров қызметкерлердің отбасыларындағы бірінші сыныпқа баратын балаларды құттықтады. Бірінші сынып оқушыларына оқу құрал-жабдықтары бар сыйлықтар, сертификаттар ұсынып, өмірдің басталғалы тұрған жаңа кезеңінде балаларға оқуда үлкен табыс тіледі.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарлама және керемет көңіл-күймен аяқталды.

Барлық жаңалықтар