00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық полицейлер ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

15.02.2024 | 08:05
53

Жыл сайын елордалық полиция басшылығы сол соғыста болған және әскери борышын орындаған Ауған жауынгерлерін құрметтейді. Олар туған еліне аман-есен оралды және өз қызметін ішкі істер органдарының қатарында жалғастырды. 

Іс-шараға елордалық полиция басшылығы, ПД ардагерлер кеңесі, Ауған жауынгерлері мен жеке құрам қатысты. Ардагерлер сарбаздардың батылдығы мен ерлігі, соғыс жылдарында басынан өткерген ауыртпалықтар мен қиыншылықтар туралы естеліктерімен бөлісті. 

Бұл күні біз қаза тапқандарды құрметтейміз және аман-есен оралғандарға, Ауғанстанның қиын жолдарынан өткендерге, азаматтық борышы мен сарбаздық батылдығы жоғары адамдарға ризашылығымызды білдіреміз, - деді ауған жауынгері, ішкі істер органдарының зейнеткері Ерболат Серікбаев.

Бүгінгі таңда ауған жауынгерлері жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген қонақтар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алатын және жыл сайын ел үшін есте қаларлық оқиғаға арналған іс-шаралар өткізетін елордалық полицейлерге алғыстарын білдірді. 

Барлық жаңалықтар