00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордалық оқушылар экологиялық акцияға қатысты

14.10.2023 | 10:28
81
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектептің оқушылары мен ата-аналары мектеп аумағын көгалдандыруға қатысты, деп хабарлайды Elorda.info.

субботник.jpg

Бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының елді ауқымды көгалдандыру туралы тапсырмасы шеңберінде өткізілді. Жобаны іске асыруда бізді «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Қазақстан орманы» қолдады. Мектеп аумағында ағаш отырғызу жүргізілді, оған мектеп оқушылары, еріктілер мен демеуші ұйымдардың қызметкерлері, оқытушылар және ата-аналар қатысты. Бүгін шамамен 120 ағаш отырғыздық. Сондай-ақ, болашақта көшеттерге міндетті күтім жасауға назар аударған жөн, - деді мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұрат Қарабаев.

суббботник 3.jpg

Еңбекқор оқушылар мен еріктілерге ыстық кофе, шай және дәмді нан өнімдері ұсынылды. Қазіргі қазақ әуендері қаланың экологиясы үшін жұмыс істегендердің көңіл-күйін көтерді.

Экологиялық акцияға «ҚазМұнайГаз» компаниясының 330 қызметкері мен еріктілері қатысты. Біз Президенттің елді көгалдандыру жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Естеріңізге сала кетейін, 2025 жылдың соңына дейін ел аумағында 2 миллиард, қалалар мен ауылдық жерлерде 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда Сауран және Ақмешіт көшелеріне 600-ге жуық көшет отырғыздық. Біз сондай-ақ мектептерде де көгалдандырумен айналысамыз. Жобаны №76 мектептен бастадық. Жыл сайын елорданың барлық мектептерінде ағаш отырғызуды және еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуды жоспарлап отырмыз, - дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар басқармасының бастығы Пазылхайыр Бақытжан.

субботник 2.jpg

Айта кетейік, аумақтарды көгалдандыру бойынша акциялар Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Сабина АРЫСТАН

Барлық жаңалықтар