00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық дін өкілдері жалпықалалық сенбілікке қатысты

23.09.2023 | 06:30
77
Фото: Астана қаласы Дін істері басқармасы

Астана қаласында өткен жалпықалалық сенбілікке елорданың түрлі діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ қалалық Дін істері басқармасы мен діндерді зерттеу орталығының ұжымы қатысты, деп хабарлады Elorda.info

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айы өтіп жатыр. Осы акция аясында қаладағы түрлі еңбек ұжымдары мен белсенді қала тұрғындарының қатысуымен бірнеше коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктер өткізіледі.

субботник 1.jpg

Сенбілік аясында діни бірлестіктер өкілдері Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының жанына 50 түп ағаш отырғызды. Сенбілік мереке ретінді ұйымдастырылды, арнайы ұлттық музыка қойылып, тәттілер таратылды. 

субботник 4.jpgБүгін Алматы  ауданында ұйымдастырылған сенбілікте  487 түп ағаш отырғызылды. Тазалық шарасына Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ардагерлер кеңесі, «Астана қаласының Дін істері басқармасы» ММ және діни бірлестіктер өкілдері, «Қазақстан инжиниринг» АҚ өкілдерінің, ҚМДБ қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Ағаш отырғызуға медицина ғылымдарының қызметкерлері, Қ.Қуанышбаев атындағы театр ұжымы, «Алтын домбыра» мектебінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, мен Алматы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, барлығы 300-ден астам адам қатысты, деді Алматы ауданы әкімдігі Өндірістік техника бөлімінің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамед.  

Айта кетейік, қала бойынша 2023 жылы барлығы миллион жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Бұл жолы қылқан жапырақты ағаш түрлеріне артықшылық беріледі.

Барлық жаңалықтар