00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық дәрігерлер қызылшаға қарсы челлендж бастады

04.11.2023 | 12:30
57
фото: gov.kz

Елордалық емханалардың бас дәрігерлері қызылшаға қарсы вакцинациялауға шақыратын видеочеллендж түсірді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Видеочелленджге 5-7 жастағы балалар түсірілген.

Дәрігерлер ата-аналарды қызылшаға қарсы вакцина алуға шақыру миссиясында әр баланың денсаулығы өзіне тиесілі әрі маңызды екенін көрсетті.Мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар вакцинаны таңдайды деген сөзбен жалғастыра отырып, ересектерді екпе алуға шақырды. Бұл балалардың видео үшін таңдалуының да өзіндік сыры бар – олардың бәрі вакцинацияланған немесе 6 жасында қызылшаға қарсы жасына байланысты ревакцинациядан өткен.

Бүгінде елордада қызылшадан 242 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр, оның 174-і – бала.

Балалардың қызылшамен ауруының артуына байланысты №3 балалар ауруханасында төсек қоры 500 төсекке дейін, оның ішінде реанимациялық төсек-орын 20-ға дейін ұлғайды.

Дәрігерлер балалардың денсаулығын тек вакцинация арқылы қорғауға болатынын кезекті рет еске салады.
Себебі, бұл көптеген жылдар бойы өзінің тиімділігін көрсеткен вирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз шарасы.

Барлық жаңалықтар