00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада жас жұбайларға арналған тегін психологиялық тренинг өтті

15.09.2023 | 11:00
42
Фото: Сұлтан Сейіт

Нұра ауданының әкімдігінде жас жұбайлар үшін отбасылық кәсіби психолог, жоба кеңесшісі Альвина Юсупова мен «Арт терапия» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ирина Шэ тегін сессия ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған тренингте ерлі-зайыптылар түрлі сынақтардан өту сабақтарын өтті. Олар осы сынақтар арқылы жанұяда болатын дағдарыс кезеңдерінен қалай өту керек екенін түсіндіруге тырысты. Осы сабақтар арқылы отбасы беріктігі үшін өзара көмек және қолдаудың аса қажет екенін тағы бір түсіндірді.

62e147fc-5cb4-4b00-b0cc-5f4e3ce9cad6.jpg

Отбасы бұл күн сайын кездесетін емтихандар мен сынақтардан тұратын институт. Әрдайым ерлі-зайыптылар, әсіресе жастар, бұл тапсырманы жеңе алмай жатады. Біздің тренингіміз жас жұбайларға өмірлеріндегі жаңа кезең мен жаңа рөлді қабылдауға көмектеседі. Ерлі-зайыптылармен бірге жұмыс істей отырып, біз бақытты отбасылық өмірдің құпияларын ашамыз және жанжалсыз қарым-қатынас жасау не істеу керектігін түсіндіреміз, - дейді 20 жылдық тәжірибесі бар психолог және жоба кеңесшісі Альвина Юсупова. 

Тренинг соңында қатысушыларға сый-сияпат тарту етілді.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар