00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордадағы Президенттік саябағына жаңа ағаштар отырғызылды

13.05.2023 | 15:14
50
фото: Оңалхан Өнерхан

Түрлі діни бірлестіктердің өкілдері конфессияаралық келісім аллеясына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.

Көктемгі экологиялық акцияға қатысушылар  40 ағаш көшетін отырғызды. 

Іс-шараға Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов және «Н.Ә. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев қатысты.

3935.jpg

Астана мен елордалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен қалалық православие шіркеуінің өкілі Дмитрий Байдек  ағаш отырғызу  дәстүрлі акциясы Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің өзіндік көрінісі болып саналатынын атап өтті.

2017 жылдан бастап біз Президент саябағының аумағына ағаш отырғызып келеміз. Енді бүгін отырғызылған ағаштар жақында елорда тұрғындары мен қонақтарын сұлулығымен қуантады деп үміттенеміз, - деді Дмитрий Байдек. 

WhatsApp Image 2023-05-13 at 11.46.26.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, сенбіліктің негізгі мақсаты - қаланың тазалығын сақтау, экологиялық мәдениет пен ұлтаралық бірлікті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Дана Аменова

Барлық жаңалықтар