00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордадағы кітапханаларда қандай жұмыстар атқарылып жатыр

24.10.2023 | 11:00
63
Фото: дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Гүлбадан Мәдібаева брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Бүгінгі таңда елордада «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 жалпыға қолжетімді қалалық кітапхана жұмыс істейді. 

Оның ішінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, 11 – көпшілік, 6 – балалар кітапханасы, жалпы кітап қоры 750 000 дана, оқырмандар саны – 78 мыңнан астам адам.

ОКЖ кітапханаларының ең көп оқырмандар тобы – орта мектеп оқушылары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, оқытушылар, дәрігерлер, шағын бизнес өкілдері (жеке кәсіпкерлер), қызметкерлер, зейнеткерлер, уақытша жұмыс істемейтін азаматтар.

Қала жүйесінің кітапханаларында кітапхана ісінің 92 маманы жұмыс істейді, оның ішінде 73-і жоғары білімді, оның ішінде жоғары арнайы (кітапханалық) 22 маман, орта арнаулы – 28, оның ішінде орта арнаулы (кітапханалық) – 19 маман.

Қазіргі күні ОКЖ кітапханалары – кітаптар мен мерзімді басылымдарды сақтау орталығы ғана емес, олар мәдени, ақпараттық, білім беру және демалыс орталығы. Бес кітапхана базасында ұдайы тегін негізде қоғамдық-мәдени орталықтар жұмысын жалғастыруда. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелер бойынша 30 үйірме мен клубтар жұмыс істейді, - деді «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Гүлбадан Мәдібаева.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханалары үшін биыл «Кітапхана қызметін жаңғырту және жетілдіру» пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Осы жоба аясында 4 кітапхана – №3 балалар кітапханасы, №4 балалар кітапханасы, орталық балалар – жасөспірімдер кітапханасы мен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада қайта жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталуда. 

Жаңа оқу орындары, білім беру орталықтары, балабақшалар, мектеп-лицейлер ашылып, дамып келе жатқан қала үшін 18 қалалық кітапхананың болуы жеткіліксіз. Қолданыстағы кітапханалардың қызмет көрсету аймақтары үнемі өсіп келеді, оқырмандар саны артты. 2023 жыл оқырмандар үшін қызықты, көрнекті, есте қаларлық күндермен, іс-шаралар, оқиғаларға толы болды. ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері заманауи талапты ескере отырып, жас аудитория үшін тартымды жұмыс түрлерін таңдады, өмір талабына сай оқырмандарымыздың сұраныстары мен қажеттіліктері ескерілді, - дейді Г.Мәдібаева. 

Соңғы жылдары жүйе кітапханаларының жұмысында қоғамда кітап пен оқуды насихаттауға арналған көптеген жаңа жұмыс түрлері орын тапты. Олардың кейбіреулері кітапханалардың тәжірибесіне енді. Кітапты, оқуды ілгерілету ОКЖ-нің әрбір кітапханасы қызметінің негізгі бағыты болып қала береді.

Барлық жаңалықтар