00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2024 | 07:14
67
Фото: дереккөз

19 наурыз күні таңертең қала көшелерін қардан тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен 1,1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

18 наурыздан 19 наурызға қараған түні коммуналдық қызметкерлер полигондарға 1,1 мыңнан астам рейс жасап, 14 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс басынан бері елордадан 478 мыңнан аса рейс арқылы 6,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр.

Ең алдымен орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазартылады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Барлық жаңалықтар