00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада түрік тілі мен мәдениеті аудиториясы ашылды

22.09.2023 | 04:30
40
Фото: дереккөз

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Түрік тілі мен мәдениеті» аудиториясы ашылды, деп хабарлады Elorda.info

Жаңа аудиторияда қазақ және түрік мамандары студенттердің түркі интеграциясын дамыту, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын және мәдени дипломатиясын нығайту бағытында білімдерін кеңейтеді. 

Жас ғалымдар үшін Қазақстан мен Түркия арасындағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосымша ресурс ашылды.   

Жаңа кабинет түркология мен түрік тілін үйренуге қажетті материалдық-техникалық базамен, электронды және баспа оқу құралдарымен жабдықталған. Студенттер мен жас ғалымдарға ыңғайлы болу үшін заманауи электронды мультимедиялық тақта қойылған.

«Түрік тілі мен мәдениеті» аудиториясының ашылуына Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің президенті Хикмет Узденоғлы, университеттің халықаралық қатынастар факультеті түркология кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

(72).JPG

Кездесу барысында Ерлан Сыдықов  ЕҰУ Түркияның 35-тен астам жетекші университетімен белсенді ынтымақтастық орнатқанын және ондаған студент ЕҰУ қабырғасында білім алып жатқанын атап өтті. Қазақстандық жастар академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Түркия университеттерінде білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Ынтымақтастық мамандарды бірлесіп даярлау шеңберінде ғана емес, сонымен қатар біздің елдеріміздің студенттері мен оқытушылары үшін академиялық ұтқырлық және тағылымдама бағдарламалары аясында да дамуда. Бұл кабинет Қазақстан мен Түркияны біріктіретін тағы бір алтын көпір болмақ. Осы аудитория негінде түркітану саласындағы мамандарды даярлау күшейтіледі. Бұл кабинет екі елдің мәдениеті мен дәстүрлерін біріктіру орталығы болатынына сенімдімін, - деп атап өтті Ерлан Сыдықов.

Студенттерге арналған жаңа аудитория Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен ашылды. 

Біз бұл кабинетті түрік халқы, түрік жастары мен қазақ бауырларымыздың қарым-қатынасын одан әрі жақсартатын жоба ретінде қарастырамыз. Бұл аудитория үнемі студенттерге толы болады және студенттер түрік тілін өте жақсы меңгереді деп ойлаймын. Олар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ең бастысы, жастар біздің елдерімізді біріктіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың дамуына маңызды үлес қосады», - деді Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу.

Барлық жаңалықтар