00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада тұрғын үйге табиғи газ құбырын тартудың бағасы белгіленді

10.04.2023 | 21:00
28
Фото: ашық дереккөзден

Астанада тұрғын үйге табиғи газ құбырын қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 97 000 теңгеден 103 000 теңгеге дейін тұрады, деп хабарлады Elorda.info қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне сілтеме жасап. 

«Тұтынушыларға табиғи газ құбырын қосу кезінде құрылыс-монтаждау қызметтері нарығында қызмет көрсететін субъектілердің монополияға қарсы комплаенсі сыртқы актісі келісілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 97 000 теңгеден 103 000 теңгеге дейін тұрады (25-30 м бойынша негізделген)», - делінген хабарламада.

Көрсетілген сомаға жобалық-сметалық және атқарушылық-техникалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық шығын кіреді.

Монополияға қарсы комплаенс – бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралар жүйесі. Нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенс жүйесін енгізудің басты артықшылығы жоғары айыппұлдармен және жағымсыз салдарлармен байланысты бәсекелестік заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайту.

Монополияға қарсы келісімге қол қою арқылы құрылыс нарығының кәсіпкерлері нарықтық экономика мен адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауға, құрылыс-монтаждау қызметтері құнының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауға міндетті, - делінген департамент мәлімдемесінде.

Барлық жаңалықтар