00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада студенттер арасында пікірталас сайысы өтіп жатыр

28.10.2023 | 11:30
61
Фото: Оңалхан Өнерхан

Осы демалыс күндері өтіп жатқан пікірталас ойындарына Астана қаласының 16 жоғары және 16 арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

«Astana Debate Cup» жобасының басты мақсаты жастардың бәсекеге қабілеттілігін, тұлғалық және көшбасшылық дағдыларын дамыту болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және бүгінде қалада дәстүрлі оқиғаға айналды.

Биылғы турнирге қатысуға  100-ге жуық команда өтінім берді. Бүгін әкім кубогы үшін күресетін іріктеу кезеңдерінің финалистері кездесті. Онда сайысқа қатысушылар қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салды, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы  Арайлым Сапаралы.

Талқыланатын тақырыптардың қатарында Президент Қазақстан халқына Жолдауы, нашақорлық мәселелері, білім мен мәдениетті арттыру қажеттілігі, ставкалардың спортқа теріс әсері, қоғамның дамуындағы жастар саясатының рөлі, туризмді дамыту, қазақстандық өнердің жетістіктері, қоршаған ортаны сақтау, IT-стартаптар бар.

Айта кетейік, сайысты қорытындылау және үздіктерді марапаттау салтанаты ертең Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.

Әйгерім Ескендірова

Барлық жаңалықтар