00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

07.03.2024 | 07:04
53
Фото: дереккөз

Биыл 99 жасқа келетін Раиса Егоровна Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бірінші Украин майданында байланысшы болды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін әскери және мемлекеттік наградалармен марапатталған. 1957 жылы тың игерушілер қатарында Целиноград қаласына келген, содан бері осы қаланың тұрғыны.

Соғыстың майдангері, еңбектің ардагері деп арнайы құттықтап келіп жатқандарыңа рақмет! Әрдайым елімізде амандық, жақсылық болуына тілекшімін! - дейді Раиса Егоровна жүзінен қуаныш лебі сезіліп.

8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау іс-шарасына Қорғаныс министрлігі, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы өкілдері және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері қатысып, Отан үшін от кешкен майдангерге гүл шоқтарын сыйлап, сый-сияпат ұсынды.

86f6eac513f146a00dad18dcf18fae61_1280x720.jpeg

Мерекелік іс-шарада өнер көрсеткен Ұлттық әскери-патриоттық орталығының оркестрі мен әншілері әскери әндер шырқап, ардагердің көңілін көтерді.

Барлық жаңалықтар