00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды

03.08.2023 | 13:00
44
Фото: дереккөз

Астана қаласы Сарыарқа ауданында «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділер аудан аумағындағы синтетикалық есірткі жарнамаларын жойды, деп хабарлады Elorda.info

«Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Арғынұлы және Айтым Жақыпов, Василий Тахтай «Есірткіге жол жоқ» акция барысында синтетикалық есірткі жарнамасынан тазартты.

Акцияның мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм. 

Еске сала кетейік, тұрғындар есірткі жарнамаларын байқаған жағдайда аудан аппаратының әлеуметтік желілеріне жазып, өз өтінімдерін қалдыра алады.

Барлық жаңалықтар